Ағымдағы жылдың 26 мамырында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы базасында, «Тұран – Астана» университетінің «Психология» мамандығының студенттеріне «Ашық есік күні» өткізілді.

Ашық есік күнінің мақсаты – Орталық қызметі туралы ақпараттандыру және студент жастарды кәсіптік бағдарлау.

Аталған шарада болашақ маман иелеріне орталық бойынша экскурсия өткізіліп, директор Садыр Әсемгүл Сатыбайқызының бастауымен бөлімдер жетекшілері психологиялық көмек көрсету, құқықтық көмек көрсету, әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерімен таныстырды.

 

Ағымдағы жылдың 1 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Смағұлұлы Бейсен азаматтармен қоғамдық қабылдау өткізді.

Азаматтарды қабылдау кезінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке қоюға, үйдің құрылысы жайлы және тұрғын үйді жалға алуға қатысты мәселелер қарастырылды.

Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының, басшы орынбасарларының қоғамдық қабылдауы әр аптаның сәрсенбі күні сағат 15:00 өткізіледі.

Қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-23-23 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.

 

Ағымдағы жылдың 2 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының басшысы Сенғазыев Қасымхан Сенғазыұлының азаматтармен қоғамдық қабылдауы өткізілді.

Азаматтарды қабылдау кезінде баланы грантпен оқуға түсіруге көмек туралы және білім беру саласына қатысты басқада бірқатар сұрақтар қарастырылды.

Білім басқармасы басшысының, басшы орынбасарларының қоғамдық қабылдауы әр аптаның бейсенбі күні өткізіледі. Қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-23-23, 8708-425-18-66 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.

 

Құрметті орталықтың қызмет алушылары мен оқырмандары! Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының психолог мамандары Зинаханова Ұлбосын Төребекқызы @ulbossyn_torebekovna және Токтасынова Дана Еркеновна @dana.erkenovna 8 маусым сағат 15:00-де «Ата-ана болу шеберлігі» тақырыбында өткізетін ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасы жақсартуға арналған офлайн тренингке қосылуға шақырамыз!

Мекен жайы: Бейбітшілік 14 көшесі, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы.

Call center: +7(7172)27-23-23

 

Ағымдағы жылдың 7 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Төленқызы Досмырзаева азаматтармен қоғамдық қабылдау өткізді.

Азаматтарды қабылдау кезінде мүгедектікті белгілеу, мүгедектік тобын ауыстыру туралы сұрақтар қаралды.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының, басшы орынбасарларының қоғамдық қабылдауы, әр аптаның сейсенбі күні өткізіледі.

Қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-23-23 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.

 

Ағымдағы жылдың 7 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі Жұмағұлов Жүсіп Рахатұлы азаматтармен қоғамдық қабылдау өткізді.

Азаматтарды қабылдау барысында газдандыру, пәтерді жөндеуге көмек көрсету, аула аумақтарын абаттандыру және басқа да жеке сипаттағы мәселелер қаралды

Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің, әкім орынбасарларының азаматтарды қабылдауы әр сейсенбі күні сағат 16:00-де жүргізіледі. Аудан әкімдіктері мен басқарма өкілдеріне қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-23-23, 8708-425-18-66 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар

 

Ағымдағы жылдың 8 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасарлары Жақыпов Руслан Ерғалиұлы және Кенжебаев Назымбек Әміржанұлы азаматтармен қоғамдық қабылдау өткізді.

Азаматтарды қабылдау барысында ғимараттың сәулеттік жоспары, сәулеттік жобаны келісу, ғимаратты қайта жаңарту мәселелері қаралды.

Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының, басшы орынбасарларының қоғамдық қабылдауы әр аптаның сәрсенбі күні сағат 11:00 өткізіледі. Аудан әкімдіктері мен басқарма өкілдеріне қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27–23-23, 8708-425-18-66 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар

 

Ағымдағы жылдың 8 маусымында «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының базасында «Ата-ана болу шеберлігі» тақырыбында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасы жақсартуға арналған офлайн тренинг өткізілді.

Тренингтің мақсаты ата-аналарға отбасындағы қарым-қатынасты түсінудің жолдарын табуға, отбасындағы өз орнын түсінуге және үйдегі байланысты жақсартуға көмектесу болды.

Тренингке қатысқан көп балалы аналар «Отбасылық портрет» арт-терепиясының техникасы бойынша өздерінің бейнелерін суреттеу арқылы таныстырды. Сондай-ақ, «Махаббат күні», «Баланың есімі» және «Көбелек» техникасы қатысушыларға өздерінің рөлі мен отбасы мүшелерінің рөлін анықтауға көмектесті.

 

Ағымдағы жылдың 9 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Сенғазыев Қасымхан Сенғазыұлы азаматтармен қоғамдық қабылдауы өткізді.

Азаматтарды қабылдау кезінде баланы BINOM мектебіне ауыстыру, баланың медициналық колледжге түсуіне көмек көрсету, мектепке жұмысқа орналасу және білім беру саласындағы басқа да бірқатар мәселелер қаралды.

Білім басқармасы басшысының, басшы орынбасарларының қоғамдық қабылдауы әр аптаның бейсенбі күні өткізіледі. Қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-23-23, 8708-425-18-66 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.

 

Ағымдағы жылдың 9 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Нұрдәулет Амантайұлы Оразханов азаматтармен қоғамдық қабылдауы өткізді.

Азаматтарды қабылдау барысында тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке қоюға, несие алуға қатысты мәселелер қаралды.

 

Ағымдағы жылдың 15 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Әбдіразақұлы Саиповтың азаматтарды қоғамдық қабылдауы өткізілді.

 

Азаматтарды қабылдау кезінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке қоюға, тұрғын үйді жалға алуға қатысты мәселелер қарастырылды.

 

 

Өтініш беру

Наши партнеры