Ағымдағы жылдың 14 қазанында Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында алғаш рет Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері: комиссия хатшысы Қарлығаш Сәбитқызы Саркенова, комиссия төрайымының орынбасары Назгүл Сейітқожақызы Мақжанова, Астана қаласы Полиция департаменті Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлінісінің аға инспекторы Гүлмира Тілеуғалиқызы Шрахметова, психолог Лимана Құттыбекқызы Қойшиева азаматтармен қоғамдық қабылдау өткізді
Азаматтарды қабылдау кезінде балаға мүгедектер арбасын тағайындау, мемлекеттік грант бағдарламасы, және тағы басқа әлеуметтік сипаттағы мәселелер қаралды.
Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерінің қабылдауы әр аптаның жұма күні сағат 11:00-де өткізіледі. Қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-23-23, 8708-425-18-66 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.