Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы базасында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен отбасын қолдау орталықтарының жұмысы мәселелері бойынша кеңес өткізілді.



Іс-шара барысында «Жанұя» орталығының жұмысы, медициналық-әлеуметтік мекемелерді институттандырудан шығару, отбасын қолдау орталықтарының қызметі және олардың жұмысында Отбасының цифрлық картасын пайдалану мәселелері қаралды.

Жиынға офлайн режимде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ләззат Рамазанова мен Динара Закиева, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, онлайн режимде – ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары, «Бақытты отбасы», «Жанұя» КММ директорлары, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындайтын ҮЕҰ басшылары, әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері қатысты.

Айта кетейік, азаматтардың ǝлеуметтiк кепілдіктерін проактивті форматта (яғни, алушының өтінішін күтпей-ақ көмек көрсетуді көздейді), қамтамасыз ету үшін 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанда «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесі жұмыс істей бастады. Цифрлық картада мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде 6,3 млн отбасы және олардың 19,5 млн мүшесі туралы ақпарат жинақталған. Қазіргі уақытта ОЦК шеңберінде проактивті форматта жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрі бойынша қызмет көрсетеді. 2023 жылдан бастап әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтер тізбесі кеңейтілетін болады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі - Тамара Қасымқызы жиынға қатысушыларды, қазанның соңғы жексенбісінде аталып өтілетін кәсіби мерекемен құттықтап, салаға қосқан елеулі үлестері үшін зор алғысын білдірді!

Өтініш беру

Наши партнеры