Ағымдағы жылдың 1 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары Еркін Бауыржанұлы Құрман азаматтармен қоғамдық қабылдау өткізді.

Азаматтарды қабылдау барысында аула аумақтарын абаттандыру, газдандыру, сондай-ақ әлеуметтік сипаттағы басқа да мәселелер қаралды.

Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің, әкім орынбасарларының азаматтарды қабылдауы әр сейсенбі күні сағат 16:00-де жүргізіледі. Аудан әкімдіктері мен басқарма өкілдеріне қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-23-23, 8708-425-18-66 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.

 

Өтініш беру

Наши партнеры