Ағымдағы жылдың 11 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері азаматтармен қоғамдық қабылдау өткізді.

Азаматтарды қабылдау кезінде Астана қаласы бойынша тұрақты тіркеуге қоюға және азық-түлікпен көмек және тағы басқа әлеуметтік сипаттағы мәселелер қаралды.

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерінің қабылдауы әр аптаның жұма күні сағат 11:00-де өткізіледі. Қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-23-23, 8708-425-18-66 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.

Өтініш беру

Наши партнеры