Ағымдағы жылдың 16 қарашасында Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Серікбаев Нұрхан Жандосұлы азаматтармен қоғамдық қабылдау өткізді

Азаматтарды қабылдау барысында ғимараттың сәулеттік жоспары, сәулеттік жобаны келісу, ғимаратты қайта жаңарту мәселелері қаралды.

Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының, басшы орынбасарларының қоғамдық қабылдауы әр аптаның сәрсенбі күні сағат 11:00 өткізіледі. Аудан әкімдіктері мен басқарма өкілдеріне қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27–23-23, 8708-425-18-66 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар

 

Өтініш беру

Наши партнеры