Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығына Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Бақытты жанұя» орталығы» КММ-нің директоры Абибулла Исламбекұлы Қалымбет жұмыс сапарымен келді. Сапардың мақсаты-орталық қызметімен танысу.
Кездесу барысында арнайы қонақ «Жанұя» орталығының жұмысымен танысып, орталық директорымен әлеуметтік салада кездесетін маңызды мәселелер мен проблемаларды, оларды шешу жолдарын талқылады. Елордаға ат басын бұрған Абибулла Исламбекұлы Қалымбет Орталықтың жұмысына табыс тілеп, әлеуметтік саланы қамтыған өзге өңірлерге жақсы тәжірибе көрсете алатындығын ерекше атап өтті.