«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының психологиялық көмек көрсету бөлімінің мамандары Гаухар Аскерова мен Серік Меруерт Астана қаласының №2 өнер мектебінің ұжымына арнап «Мен - бармын!» атты тренинг өткізді. Тренинг мақсаты - өзіне деген сүйіспеншілікті білдіру және қабылдау, өзін-өзі бағалауды арттыру мен ішкі ресурстары туралы хабардар болу.

Тренинг барысында арнайы жаттығулар мен инновациялық сипаттағы тапсырмалар арқылы ұжымды біріктіру бойынша тиімді жұмыстар жасалды. Тренингке қатысушылар дененің энергетикалық деңгейін арттырды, медитация практикасы арқылы ішкі жағдайды теңестірді. Нәтижесінде қатысушылар алғыс білдіріп, оң пікірлерімен бөлісті!

Өтініш беру

Наши партнеры