Ағымдағы жылдың 23 қарашасында Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының өкілі Аян Асқарұлы Смағұлов азаматтармен қоғамдық қабылдау өткізді.
Азаматтарды қабылдау кезінде жерді жалға алу, ғимарат сәулетін келісу, тұрғын үй-жай жоспарын өзгерту сынды сұрақтар қаралды.
Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының, басшы орынбасарларының қоғамдық қабылдауы әр аптаның сәрсенбі күні сағат 11:00 өткізіледі. Аудан әкімдіктері мен басқарма өкілдеріне қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27–23-23, 8708-425-18-66 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.