Ағымдағы жылдың 28 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Васильевич Скуб азаматтармен қоғамдық қабылдау өткізді.

Азаматтарды қабылдау барысында әлеуметтік көмек көрсету, АӘК тағайындау мәселелері қаралды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының, басшы орынбасарларының қоғамдық қабылдауы әр апта өткізіледі. Аудан әкімдіктері мен басқарма өкілдеріне қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-23-23, 8708-425-18-66 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.

 

Өтініш беру

Наши партнеры