✅Ағымдағы жылдың 17 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Имашева Снежана Валерьевна, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Мұхтарова Найля Алтайқызы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, қоғам қайраткері – Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекова және Астана қаласы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Сейтқожақызы Мақжанова, комиссия хатшысы Қарлығаш Сәбитқызы Саркенова, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау» басқарма басшысының орынбасары Айгүл Тілешқызы Таласова және отбасы саясатына бей-жай қарамайтын қоғам белсенділерін Орталықтың жаңадан тағайындалған директоры – Бахтияр Оралұлы Айтпаев қарсы алды.
?Кездесу барысында, Салтанат Пархатқызының қызықтырған сұрақтарына жауап беріліп, қонақтар орталықтың жұмысымен танысты. Ерекше назар Орталықтың әлеуметтік бағыттағы жұмыстарына аударылды, нәтижесінде атқарылып жатқан еңбекке оң баға және отбасы мәселесімен айналысатын арнайы басқарманың керектігі жайлы сөз етілді.
Келген делегация, қиын өмірлік жағдайға түскен жандардың жылы пікірлерін тыңдап, «Жанұя» орталығының жұмысына табыс тіледі. Әлеуметтік саланы қамтыған өзге өңірлерге жақсы тәжірибе көрсете алатындығымызды да баса айтты.
#zhanuya_otbasy_koldau_ortalygy @akimat_astana @jenis_qasymbek @otbasy_sayasat_astana @saltanat.parhatkyzy @nazgulmakzhan
Өтініш беру

Наши партнеры