Қайырлы күн,достар! Кеше мен Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Астана қаласының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Асима Бимендинаның ұйымдастыруымен «Отбасы және қоғамның өзекті мәселелері. Ата-аналар қауымымен жұмыс жасаудың басым бағыттары» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатыстым.
Аталмыш іс-шарада өткен 2022 жылдың желтоқсан айында ата-аналар арасында бала тәрбиесіндегі, отбасылық қатынастардағы проблемаларды анықтау мақсатында өткізілген сауалнама қорытындылары талқыланды. Елорданың 40 мектебін қамтыған әрі қатысушылар саны 30 мыңнан асып жығылған сауалнаманың алдағы уақытта ата-аналар мен балалардың өзекті проблемаларының шешілуіне әкеледі деп ойлаймын.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасысының орынбасары Э.С Паули, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қ.С Сенғазиев, Астана қаласының Адам құқықтары жөніндегі уәкіл М.Т Ғалиев, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, мектеп директорлары, мектеп директорларының орынбасарлары, сынып жетекшілер, әлеуметтік педагогтар, психологтар, ата-аналар қауымы қатысты. Модератор ретінде Астана қаласының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Бимендина Асима сөз сөйледі.
Өтініш беру

Наши партнеры