Кеше балалар қауіпсіздігі мәселелерін талқылау бойынша «Аманат» партиясының Республикалық орталық штабында қоғамдық кеңес төрағасының қатысуымен отбасы мәселелері бойынша және халықты әлеуметтік қорғау төңірегінде пікір алмасу алаңына қатыстым.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, бірқатар маңызды мәселелерді талқылап, қиын өмірлік жағдайға түскен отбасылардың проблемаларын шешу жолдарына тоқталып, балалардың қорықпай, қауіпсіздікте өмір сүрулеріне жағдай жасау керек екендігі басты назарға алынды.

Кеңесте пікір білдірген қатысушылардың көбі, бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болатынын айтты. Ал, енді ол ата-ана, отбасы, қиын жағдайда болса, қалай тәрбиеге ден қояды?! Өмірін жақсартумен күресіп, қамшының сабындай ғана өмірді бағалай алмай жүрсе,құштарлығына қанат бітпесе, перзентіне тиісті көңіл бөле алмайтынын мен айтпасамда түсінікті. Жиынға қатысушылардың аталмыш категориядағы адамдардың жақсы жаққа өзгеруі – мейірімділік пен қолдаудың арқасында жүзеге асатыны бір ауыздан айтылды.

Динара Болатқызына осындай іс-шаралардың легіне құлақ асып, орындалуының нақты ұсыныстарын түртіп алды. Бұл бағытта Динара Болатқызының атқарған еңбегін ерекше атап өткім келеді. Маңызды жоспарлары да отбасыларды жүйелі түрде қолдауға бағытталған. Ісіңізге сәттілік тілейміз, Еліміздің отбасыларына, балалардың бақытты өмір кешуіне үлес қосқан еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЖҮРГІЗУШІ ҚАРЛЫҒАШ | АСТАНА (@nurkenova_karligash)

Өтініш беру

Наши партнеры