Шуақты көктемнің - Алғыс айту күнінде Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы КММ директоры Бахтияр Оралұлы Айтпаев Ұлы Отан соғысы ардагеріне ризашылығын білдіріп, құрмет көрсетті. Ұлы Отан соғысы ардагері - Кулик Михаил Григорьевичті ұжым атынан құттықтап, жылы лебізін білдіріп, азық-түлік себеттерін табыстады.
Михаил Григорьевич, 1926 жылы 13 наурызда Сунск облысындағы Ахтырка (Украина) қаласында дүниеге келген. Мектепке 1937 жылы түсіп, 1941 жылы бітірді. Соғысқа дейін колхозда жұмысшы болып жұмыс істеген.
1943 жылы әскерге шақырылған, атқыш, жауынгер болған. Пират станциясынан (Украина) Киевке дейін шайқасты. Беларусь, Польшаны азат етті. Соғыстан кейін, Сумы облысында химия зауытында тың топырағы көтерілгенше еңбек етті. 1954 жылы Қазақстандағы тың өлкеге келген. 1957 жылдан бастап зейнеткерлікке дейін Целинтрансстройда станок жөндеушісі болып жұмыс істеді. Ұл мен қызды өсірді.
Марапаттары: « 1- дәрежелі Отан соғысы » ордені, «Құрмет белгісі», «Қызыл Жұлдыз» ордені және басқа да мерейтойлық медальдар иесі. Әскери наградалары бар.
Шын жүректен Алғыс айту күнімен құттықтаймыз! Біз Сіздердің ерліктеріңіздің алдында тағзым етеміз!

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЖАНҰЯ (@zhanuya__astana)

Өтініш беру

Наши партнеры