Ағымдағы жылдың 2 наурызында Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының психологиялық көмек көрсету бөлімінің мамандары Аскерова Гаухар Базарқызы мен Хусайнова Жадра «Астана» халықаралық университетінің студенттеріне «Мен тұлғамын» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты - студенттерді «тұлға», «даралық» ұғымдарымен таныстыру, оның өзіндік ерекшелігін, бірегейлігін көрсету, тұлғаның қалыптасу жолдары жайында түсінік беру.
Тренинг барысында, ұжымды біріктіру, ойлау жылдамдығын, зейінін дамыту, өзін және өзгені тыңдай білуге бағытталған ойындар өткізілді. Сонымен қатар, өзін-өзі бағалау деңгейіне экспресс-диагностика жүргізіліп, тұлғаны қалыптастыру жолдары, өзін-өзі бағалауды арттыру әдістері турасында ақпарат айтылды.

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЖАНҰЯ (@zhanuya__astana)

Өтініш беру

Наши партнеры