Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған ақ самайлы әжелер, ақ маңдайлы аналар, аяулы арулар! Орталықтың нәзік жанды қыз-келіншектері!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз!
Қазақ даласында туған әйелдер табиғатынан текті, ақыл-парасаты мол, батыл адамдар болғаны тарихтан белгілі. Қазақ әйелі - ұрпағын сақтаған, ұлтын сүйген, ерліктің үлгісін көрсеткен аналар. Бесік тербетіп, батыр өсіріп, ұлтының ұйтқысы болған да әйел заты. Ақ жаулықты ана деген сөздің өзінде қаншама тағылым, теңізден терең ой жатыр. Бүгін, Орталықтың директоры Бақтияр Оралұлы Айтпаев бастаған ер-азаматтар қауымы аруларымызды мерекелерімен құттықтап, нәзік жандарды қуантты. Астана қаласы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары – Айгүл Тілешқызы Таласованың алғы сөзімен басталған құттықтау шарасы көңілге көрік сыйлады.
Біз өз тарапымыздан ардақты аналар мен аяулы аруларға бар жақсылықты тілейміз!

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЖАНҰЯ (@zhanuya__astana)

Өтініш беру

Наши партнеры