Ағымдағы жылдың 15 наурызында Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Әбдіразақұлы Саипов азаматтармен қоғамдық қабылдау өткізді.

✅ Азаматтарды қабылдау кезінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке қоюға, үйдің құрылысы жайлы және тұрғын үйді жалға алуға қатысты мәселелер қарастырылды.

? Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының, басшы орынбасарларының қоғамдық қабылдауы әр аптаның сәрсенбі күні сағат 15:00 өткізіледі. Қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-23-23 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.

Өтініш беру

Наши партнеры