Ағымдағы жылдың 28 наурызында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі - Олжас Темірбекұлы Ордабаев «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығына жұмыс сапарымен келді.
Осыдан 3 жыл бұрын ашылған орталықтың қызметімен Астана қаласы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» басшысы – Илья Васильевич Скуб және орталық директоры - Бахтияр Оралұлы Айтпаев таныстырды. Вице-министр «Open space» қағидаты бойынша қызмет атқарып келе жатқан мекеменің жұмысымен танысып, құқықтық, психологиялық және қаланың төрт ауданы бойынша отбасын әлеуметтік сүйемелдеу бөлімдерінің жұмысына ерекше тоқталып, халықтың осал топтарына жататын жандарға жан-жақты көмек көрсетіліп жатқанына жоғары баға берді. Сонымен қатар, орталықтың «Жанұя» ақпараттық жүйесі, қиын-өмірлік жағдайға түскен отбасыларды сүйемелдеу жолдары турасында ақпарат берілді.

Өтініш беру

Наши партнеры