Ағымдағы жылдың 30-шы наурызында «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының психологиялық көмек бөлімінің мамандары Гаухар Базарқызы Аскерова, Жадыра Хамидоллақызы Хусаинова «Астана» Халықаралық университетінің студенттері үшін «Мен және менің ортам» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Мақсаты - өзін-өзі тануды, өзіндік тұжырымдамаларды нақтылауды, психологиялық сипаттамаларды, олардың және айналасындағы адамдарды талдау және анықтау қабілетін дамыту болды.

Тренинг барысында өзін таныстыра білу бойынша жұмыс жасалды. Студенттер тақырыпты терең түсіну және сыни ойлауды дамыту мақсатында психологтар өткізген пікірталастарға белсенді қатысты.
Нәтижесінде тренингке қатысқан аталмыш ЖОО-ң оқытушылары мамандарға алғыстарын білдіріп, «Жанұя» орталығымен одан әрі ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді.

Өтініш беру

Наши партнеры