Бүгін "Жанұя" отбасын қолдау орталығының базасында Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының төртінші отырысы өтті.

Отырысқа комиссия мүшелері, мемлекеттік органдар қатысты және Юнисеф Қазақстан құқықтарын қорғау бағдарламаларының үйлестірушісі Азамат Жаманчиев шақырылды.

Комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес "Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу туралы" мәселелер қаралды, Білім басқармасы басшысының орынбасары О.К.Омар, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Г. Т. Досмурзаева, Астана қаласы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімінің бастығы Н. Н. Дощанова сөз сөйледі.

"Кәмелетке толмаған балаларды деструктивті діни ағымдарға тартудың алдын алу шаралары туралы" Дін істері басқармасының басшысы Н.И. Альмуханова, Білім басқармасы басшысының орынбасары О. К. Омар сөз сөйледі.

Комиссия жұмысы барысында ата-ана құқықтарынан айыру және шектеу жөніндегі материалдар қаралды, кәмелетке толмаған балалармен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық жұмыс жүргізілді.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және жағдай жасау біздің комиссияның алғашқы міндеттерінің бірі болып табылады.

Өтініш беру

Наши партнеры