Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының қызметі туралы» тақырыбында Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы» КММ директоры Бахтияр Айтпаев брифинг өткізді.

Отбасыларды әлеуметтік сүйемелдеу бөлімдері (бұдан әрі – Бөлімдер) Орталыққа жүгінген азаматтарға мемлекеттің тарапынан белгіленген әлеуметтік қолдау шаралары туралы кеңес береді, өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды аралап, тұрмыстық жағдайымен танысып, шешілмей жатқан мәселелерін жазып алады, тұрмыстық жағдайларын жақсартуға ат салысады, өмірлік қиын жағдайдан шығуға көмек көрсетеді.

Бөлімдер өмірлік қиын жағдайдағы отбасылар;көпбалалы отбасылар; толық емес отбасылар; аз қамтылған, жағдайы төмен отбасылар; мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жасайды.

2022 жыл және 2023 жылғы 1 тоқсан қорытындысы бойынша бөлім мамандары 273 отбасыларын тұрғылықты мекенжайы бойынша аралап, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен танысып, шешілмей жүрген әлеуметтік мәселелерін жазып алады.

Азаматтардың өзекті мәселелері: атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (бұдан әрі - АӘК), тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім беру, денсаулық сақтау, тұрмыстық жағдайын жақсарту және т.б. болып табылады.

Бөлім мамандары балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қоюға - 40; мектепке дейінгі мекемелерге жолдама алуға - 13; мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке қоюға өтінімді ресімдеуде - 24; толық медициналық тексеруден өтуге -7 көмек көрсетті.

Қоғамдық және қайырымдылық қорларымен, сондай-ақ жеке тұлғалармен бірлесіп, 326 отбасына азық-түлік себеттері мен тұрмыстық химия жиынтықтары таратылды.

Өтініш беру

Наши партнеры