11.04

Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімі аппаратының Тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Кенжетаев Рахат Дулатұлы азаматтармен қоғамдық қабылдау өткізді.

Азаматтарды қабылдау кезінде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бойынша сұрақ қарастырылды.

Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімі, әкім орынбасарларының қоғамдық қабылдауы, әр аптаның жұма күні сағат 15.00 өткізіледі. Аудан әкімдіктері мен басқарма өкілдеріне қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-23-23 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.

~~~

8 апреля текущего года в Центре поддержки института семьи «Жанұя» акимата города Нур-Султан руководитель отдела жизнеобеспечения аппарата акима района «Байкоңыр» Кенжетаев Рахат Дулатович провел прием граждан.

В ходе приема граждан был рассмотрен вопрос жилищно-коммунального хозяйства.

Прием граждан акимом, заместителями акима района «Байкоңыр» города Нур-Султан проводится каждую пятницу в 15:00. Для записи на прием представителей районных акиматов и Управлений можно обратиться по номеру Call center: 8(7172) 27-23-23

 

 

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы «Отбасы - мемлекет негізі» жобасының аясында жоспарланған «Отбасы құндылықтары» атты Нұр-Сұлтан қаласы «Тұран – Астана» университетінің студенттері үшін лекция, тренинг өткізді. @tau_edu.kz Жас буын өкілдерімен Орталықтың әлеуметтік сұрақтары бойынша директордың орынбасары Қарлығаш Нұркенова, «Сарыарқа» ауданы бойынша отбасыларды әлеуметтік сүйемелдеу бөлімінің басшысы және психологиялық көмек көрсету бөлімінің қызметкерлері кездесті.

Университеттің студенттеріне, ұстаздарына Орталықтың жұмысы туралы ақпарат берілді және «Отбасы - мемлекет негізі» пилоттық жобасы таныстырылып, мықты отбасын қалыптастыру, жастардың отбасын құруға қаншалықты дайын екендеріне бағытталған тренинг өткізілді.

Психологиялық көмек көрсету бөлімінің басшысы Зинаханова Ұлбосын Төребекқызы және бөлім маманы Тоқтасынова Дана Еркенқызы университеттің «Педагогика және психология» кафедрасының білім алушыларына кездесу соңында отбасында туындайтын проблемалардың басты көздерін қызу талқыға алып, жастардың да ой-пікірін тыңдады.

Кездесу аясында «Тұран - Астана» университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор Нағымжанова Қарақат Мукашовна сұқбат беріп, алдағы психологиялық және әлеуметтік саласындағы жобаларда іскерлік қарым-қатынастың одан әрі табысты дамуына сенімін білдірді.

 

Ағымдағы жылдың 11 cәуірінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Таласова Айгүл Тілешқызының азаматтармен қоғамдық қабылдауы өткізілді.

Азаматтарды қабылдау барысында АӘК тағайындау және тағы басқа әлеуметтік бағыттағы сұрақтар қарастырылды.

Подать заявку

Наши партнеры