Мемлекеттік әлеуметтік саясат - қоғамның әлеуметтік өмір сүру жағдайын реттеудің бір бағыты болып табылады, осы орайда, қала әкімдігі тарапынан әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастарды қолдап, жалпы қоғам мүшелерінің әл-қуаты мен өмір сүру деңгейін жақсарту негізінде 2019 жылдың 26 тамызында қала әкімдігінің жанынан «Жанұя» отбасын қолдау орталығы пилоттық жоба түрінде ашылған болатын.
Жобаның мақсаты – қиын жағдайға тап болған әр-бір отбасыға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек, сонымен қатар, отбасы институтының дамуына жан-жақты қолдау көрсету.
Орталық пилоттық жоба режимінде өз жұмысының жоғары сұранысқа ие екенін көрсетіп, Астана қаласының әкімі А.С. Көлгіновтің қолдауымен 2020 жылдың мамырынан бастап коммуналдық мемлекетік мекеме болып ресми түрде жұмыс атқаруда.
Орталық «бір терезе» принципіне негізделіп, қала тұрғындарының (көп балалы, толық емес, аз қамтылған, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған, отбасыларға және т.б) азаматтардың жекеленген санаттарына кешенді консультациялық қызметтер көрсетеді.
Орталықта мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың мекемелерінің жұмысы ұйымдастырылған, олар - Астана қаласының «Білім басқармасы» ММ, Астана қаласының «Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту» орталығы КММ, «Отбасы банкі» АҚ өкілдері консультациялық қызмет көрсетеді, атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үйді сатып алу жолдары, бизнес ашу т.б сұрақтары бойынша жауап ала алады.
Сондай-ақ, Орталықта құқықтық, психологиялық кеңес алу сонымен қатар қиын жағдайға тап болған отбасыларды әлеуметтік сүйемелдеу ұйымдастырылады.
Орталық базасында, басқармалар мен оларға бағынысты басқа да ұйымдарының бірінші басшылары азаматтарды қоғамдық қабылдаулар жүргізеді.
Орталықтың жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін, сенбі-жексенбі демалыс күндері.
Мекен-жайымыз: Бейбітшілік көшесі, 14, Сарыарқа ауданы, Астана қаласы.