Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының психологиялық көмек көрсету бөлімі қиын өмірлік жағдайға тап болған әлеуметтік осал топтағы адамдарға психологиялық көмек көрсетеді
Бөлім мамандары келесі қызметтерді көрсетеді:
- психодиагностикалық, психокоррекциялық және психологиялық кеңес береді;
- психологиялық мәселелерді шешу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізеді;
- отбасы институтын нығайту мақсатында қашықтықтан жекеленген санаттағы азаматтарға онлайн-психологиялық консультациялар мен практикалық семинарлар өткізеді;