Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде «Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасын қолдау институты орталығы» КММ алаңында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаменті Превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері – Алмагүл Ерсінқызы Кенебаеваның қатысуымен жиын өтті.
Жиынға Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) басшысының орынбасарлары, ведомстволық бағынысты барлық мекемелердің директорлары және олардың орынбасарлары қатысты.
Жиынның тақырыбы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқыту».
Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың көрінуіне ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, оларды жою және олардың одан әрі жасалуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау мәселелері талқыланды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары түсіндірілді.