Құрметті достар!
Барша мұсылман қауымын қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке - адамгершілік, мейірімділік пен қайырымды істерді сипаттайтын қасиетті Рамазан айының аяқталуымен байланысты. Бұл ізгі құндылықтар тек мұсылман халқына ғана емес, жалпы адамзатқа ортақ. Әрқашан ғұмырымыз осы қасиетті мереке сияқты игі істер мен жақсылыққа толы болсын! Баршаңызға мықты денсаулық, бақыт пен береке тілейміз!
Ізгі тілекпен, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы ұжымы!