Құрметті Отан қорғаушылар, Сіздерді осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Қоғамның,мемлекеттің заңдардын сақтайтын, қоршаған ортаға ұқыпты қарайтын және қажет болған жағдайда жақындары мен айналасына көмектесетін әрбір адам – Отан қорғаушысы!
Кез келген қамқор әке, жауапты ұл, сыйлы аға, өз үйі мен отбасының қорғаушылары да осы сөзге лайық. Осы жандарға батылдықтарыңыз, адалдықтарыңыз бен еңбектеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Сіздерге зор денсаулық, бақыт және амандық тілейміз!
Мемлекет пен оның азаматтарының қауіпсіздігі мен қорғалуына тікелей жауапты: әскери, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, өрт сөндірушілер, дәрігерлер, құтқарушыларға да ерекше алғыс білдіргіміз келеді.
Сіздердің арқаларыңызда біз бейбітшілік пен қауіпсіздікте өмір сүреміз.
Жалпы еліміздің дамуына септігін тигізіп,тыныштығын қорғаушыларға ақылдырақ, қайраттырақ, төзімдірек бола түсулеріңізге және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз. Мереке құтты болсын!