❗️ Ағымдағы жылдың 13-15 ақпан аралығында Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 35 жыл толуына арналған іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жұмыс істемейтін, дағдарысты немесе төтенше жағдайдағы әл-ауқат деңгейі анықталған ардагерлер мен олардың отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек көрсетті.
???? Әлеуметтік көмек аясында нан, жарма, сары май, қант, шай, консервілер, жемістер мен көкөністер сияқты қажетті азық-түлік өнімдері кіретін азық-түлік себеттері жиналды.
✅ Ардагерлердің қуанышы, шынайылығы мен қонақжайлылығы, біздің ілтипат пен құрметімізді қалай бағалағаны бізді қатты тебірентті. Ауған ардагерлерінің отбасыларымен жүргізген мақсатты жұмысымыз тек әлеуметтік қолдау акциясы ғана емес, еске алу, құрмет көрсету акциясы болды деп есептейміз.