2024 жылдың 24-25 ақпанында «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының ұйымдастыруымен, Музыкалық жас көрермендер театрының қолдауымен @muztheatre.kz , орталықтан қызмет алушылар «Күн астында күнекей қыз» атты музыкалық ертегісін тамашалады. Аталмыш ертегінің өскелең ұрпақ үшін маңызы зор. Ертегі-қойылым қарым-қатынасымызды қалыптастырады,шыдамдылыққа, қайсарлыққа, алға мақсат қойып, соған жетуге үйретеді. Біздің қызмет алушылар театрдағы ертегіні көріп, қуанышқа бөленді! Бұл сиқырға, әзілге және ғажайыпқа толы ұмытылмас сәт болды. Орталықтың қызмет алушылары актерлердің өнері мен шеберлігіне тәнті болып, ризашылықтарын білдірді. @muztheatre.kz Театрға барудың керемет мүмкіндігі үшін театр басшылығына және қызметкерлеріне алғыс білдіреміз! Алдағы уақытта шығармашылық табыстар және жаңа жетістіктер тілейміз

 

Өтініш беру

Наши партнеры