2024 жылдың 28 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен репродуктивті денсаулық апталығы аясында «DiMedical»орталығына бару өткізілді, оған Жанұя отбасы институтын қолдау орталығы мен «Үміт» дағдарыс орталығының қызмет алушылар шақырылды.
Сапар қорытындысы бойынша пациенттердің денсаулығын уақыт өте келе жүйелі түрде бақылау туралы шешім қабылданды. Әйелдерге тегін медициналық көмек көрсетіледі.
Біз директор Клара Әбдіханқызы Өмірзахова ұсынған «DiMedical» медициналық орталығының басшылығына мамандандырылған емдеуден өтуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз.