Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында «Мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылардың дамуына көмек және қолдау көрсету жөніндегі «Бақытты Шаңырақ» қайырымдылық Қорының Ұйымдастыруымен Халықаралық зорлық-зомбылықты жою күніне арналған Әйелдердің құқықтары, отбасылық психология және дағдарыс жағдайындағы мінез-құлық тақырыбында практикалық семинар өткізді.
Семинар барысында отбасылық қатынастарды үйлестіру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, өмірлік қиын жағдайлардағы қажетті әрекеттер, дағдарыс орталықтарының атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы қызметтерін пайдалану қажеттігі сұрақтар талқыланды.
Қатысушы спикерлер:
- Мырзабаев Ержан - отбасылық психолог, қарым-қатынас жөніндегі сарапшы;
- Какимова Шнар Елтайқызы - «Үміт» дағдарыс орталығы КММ директорының орынбасары.
{gallery}2020news/12.11.20{/gallery}