Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Тамара Дүйсенова мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен «Enbegi Jangan Arylar» іскер әйелдер конференциясы өтті. Іс шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінң қолдауымен Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастырды.
Іс шараның мақсаты – жұмыс істейтін әйелдердің маңыздылығын арттыру, көшбасшылықты нығайту, оларды нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін біріктіру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдау болып табылады.