Ағымдағы жылдың 27 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының қызметкерлеріне арналған, «Әлеуметтік қызметтер порталы» бойынша практикалық тренинг өткізілді. Іс шараның мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарына және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың цифрлік сауаттылығын арттыру мақсатында орталық қызметкерлерін даярлау.