Ағымдағы жылдың 8 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Азаматтық белсенділікті арттыру және мемлекет саясатын талқылаудағы қоғамдық көшбасшыларының көзқарасы» атты семинар - тренингі өтті. Іс-шараның мақсаты – қоғамдық көшбасшылардың мемлекет саясатының басым бағыттарын түсіндіру және азаматтық белсенділікті арттыру болып табылады.