Ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Тұңғыш президент күні, халықаралық мүгедектер күні, және алдымыздағы Тәуелсіздік күніне орай, мүкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу қонақтары қаланың мүмкіндігі шектеулі белсенді азаматтарының мүдделерін қорғайтын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің кеңесшісі Отарбаев Ардақ Рахметоллаұлының қатысуымен өткізілді. Іс-шара қатысушылары мәдени бағдарламаны тамашалай алды, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өкілдеріне өздерінің өзекті сұрақтарын қойып жауап ала алды. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасынан белсенді азаматтық ұстанымдары бар азаматтар Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.