Ағымдағы жылдың 29 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы қызметкерлерінің балаларына арналған Жаңа жыл мерекесімен құттықтау өткізілді.
Балалар өлең оқыды және ән айтты, Аяз Ата мен Ақшақар оларға тәтті сыйлықтар табыстады. Аяз Ата мен Ақшақар «Жанұя» орталығын құттықтап, орталық қызметкерлеріне зор денсаулық және жаңа жылда жаңа серпін мен арман мақсаттарының орындалуын тіледі.