Ағымдағы жылдың 29 наурыз - 9 сәуірі аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институты қолдау орталығы психологиялық көмек көрсету бөлімінің басшысы М.Н. Құнанбаева ҚР БҒМ «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК ұйымдастыруымен «Балалар қоғамдық бірлестіктері – әлеуметтік тәрбиенің субъектісі» атты біліктілікті арттыру курсында дәріс оқыды. Курс Zoom платформасында онлайн режимінде өткізілген болатын. Тыңдаушы ретінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Тараз, Маңғыстау, Ақтау қалалары және Қазақстан бойынша басқа өңірлердің мектеп директорларының орынбасарлары, мектеп мұғалімдері, әдіскерлер мен психологтар қатысты.

Естеріңізге салайық Орталықтың психологиялық көмек көрсету бөлімі қиын өмірлік жағдайға тап болған әлеуметтік осал топтағы азаматтарға ақысыз негізде психологиялық көмек көрсетеді.

Психологқа жазылу үшін Call center нөмірі: 8/7172/27-86-49

Онлайн психологиялық көмек көрсету нөмірі: 8/7172/ 27-82-97

{gallery}2021news/09.04{/gallery}

Өтініш беру

Наши партнеры