Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы Қайрат Тельманұлы Қамбаровтың азаматтарды қоғамдық қабылдауы өткізілді.
Азаматтарды қабылдау барысында аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттері мен волонтерлық көмектер туралы бірқатар сұрақтар қарастырылды.
Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының, басшы орынбасарларының қоғамдық қабылдауы, әр аптаның бейсенбі күні өткізіледі.
{gallery}2021news/22.04{/gallery}