Ағымдағы жылдың 9-наурызында «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында «Көктемгі кездесу» атты қиын өмірлік жағдайға түскен отбасыларды, қиындыққа қарсы тұра алған мықты, қайсар аналарға арналған мерекелік іс-шара өтті.
Естеріңізге сала кетейік, біздің Орталық көпбалалы, толық емес, жағдайы төмен, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға кешенді кеңес беру қызметтерін көрсету, отбасы институтын нығайтуға бағытталған шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру мақсатында құрылған.
2020 жылдан бастап 600-ден астам отбасыларды аралап, тұрмыстық жағдайымен танысып, әлеуметтік сүйемелдеуге алды. Сонымен қатар, демеушілердің тарапынан өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға үнемі азық-түлік себеті, маусымдық киімдер, тұрмыстық жабдықтар түріндегі көмек беруді ұйымдастыру, тіпті үйлеріне барып, тұрмыстық жағдайын реттеп, өмірге деген құлшыныстарын ояту мақсатында аянбай еңбек етіп келеді.
Адамның күні - адаммен деген бар, біздің қолдауымызды қабылдап, өздерінің тарапынан құлшыныс болмаса, жұмыс бекер болар еді. Сондықтан, әйелдердің бойындағы қайсарлық, күш-жігер атты күштің арқасында өмірлері де жақсы жаққа өзгерді. Біреуі ұзақ күйзеліске ұшыраса, енді біреуі алкогольдік ішімдікке салынып, сүйікті балаларынан айрылып қалу қаупі төнген, яғни балалық шақтарын балалар үйінде өткізетін еді. Дегенмен, дер кезінде көмек көрсетіліп, аналар да өздерін уақытында қолдарына алғаны біз үшін үлкен қуаныш.
Іс-шара соңында «Adal zhurek» әлеуметтік жобасы аясында еңбек етіп, үлгілі отбасының түтінін түтетіп отырған, аналар да өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
@baiqonyr_audany @erlan_zhaulybaev @otbasy_sayasat_astana @skub_ilya @upravlenie_zanyatosti @asyl_amal @adalzhurek2017 @limana_quttybekqyzy @zakiyevadinara @aigul_talasova_ @gulmira.shrakhmetova @nurkenova_karligash

«Жанұя» орталығының қыз-келіншектеріне аталмыш жобаның жетекшісі - Айдын Ізбасар Шәкәрім бабамыздың сөзімен сөйлеп, жігерлендірді. Айта кететін  жайт, Орталықпен бірлесіп, қол ұшын беріп, барынша демеу көрсеткен «Asyl amal» қайырымдылық қорының қыз-жігіттеріне алғысымызды айтамыз. Жетекшілері «Ана мен бала» орталығының педиатр дәрігері екен. Бүгінгі күннің батырлары деген теңеу  айтсақ артық емес. Біле жүріңіздер, Әділ Әбусалімұлы Жаманқұлов – мейірімді жандарды бір шаңырақ астына жинап «Asyl amal» атынан көмек көрсетіп жүр.
Бұл көктемгі кездесуге қиындықтан шығып, жақсы өмірге қадам басқан жандар жиналды. Сондықтан, бізді неге шақырмадыңыздар деп ренжімеңіздер. Кім өзінің тағдыры жайлы көпшілікке айтқысы келеді?! Түсіністікпен қарап, жақсы тілек жазыңыздар, қуанып қалсын!

Іс-шара соңында «Отан групп ЛТД» ЖШС өкілі Руслан Абдолович Бекишев мырза өз тараптарынан азық-түлік себеттерін таратса, Орталық директоры Бахтияр Оралұлы Айтпаев әйелдерді алғыс хаттармен марапаттады. Көктемгі көңіл-күй сыйлаған, кәде-сыйлығын тарту еткен  - Астана қаласы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары - Назгүл Сейітқожақызы Мақжанға және комиссия мүшелеріне: Гүлмира Тлеуғалиқызы Шрахметоваға, Лимана Құттыбекқызы Қойшиеваға, Жаңыл-бике Қасымқызы Кайкеноваға, сонымен қатар, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ басшысының орынбасары – Айгүл Тілешқызы Таласоваға алғысымызды білдіреміз! Орталық ұжымы, мықты әйелдердің алдағы уақытта да осы райларынан қайтпай, алға әрі жарқын өмірге адымдай берулерін тілейміз!

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЖАНҰЯ (@zhanuya__astana)

Өтініш беру

Наши партнеры