Наурыздың 15-ші жұлдызында қаламыздың № 2 қалалық көпбейінді аурухананың ұрықты қорғау орталығының жұмысымен танысып қайттық. «Отбасы-бақыт мекені» атты тақырыпта өткен отырыс, дені сау ұрпақ- ұлт болашағы дегенді терең түсінуге бағытталған. Аталмыш, кездесуді ұйымдастыруға мұрындық болған, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия болатын. Ана мен бала денсаулығына, сау ұрпақтың өміріне алаңдаған комиссия мүшелерімен бірге Орталықтың әлеуметтік сұрақтар бойынша директор орынбасары Қарлығаш Жұмағалиқызы мен «Психологиялық көмек көрсету» бөлімінің басшысы – Гауһар Базарқызы да іс-шараға қатысты. Күн тәртібіне қойылған басты мәселе-әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау мәселелері.
✅ Ауруханың амбулаторлық қызметінің директор орынбасары Сәуле Жамантайқызы Ибраеваның айтуынша, жүктілікке саналы түрде дайындалып, әр ана өз денсаулығына уақытында көңіл бөлу керек. Дені сау баланың дүниеге келуі үшін ерлі-зайыптылар дайындықпен, яғни жүктіліктен 6 ай бұрын жоспарлау дегенді білдіреді. Егер кенеттен ағзада қандай да бір ауытқу анықталса, дене мүшесіндегі дертті зерттеу арқылы тереңдетілген тексеру жүргізіледі. Барлық тексеру болашақта дені сау бала дүниеге келуі үшін жасалатын ең маңызды қадамдардың бірі.
✨ Ақпарат үшін айта кетейік, қазіргі таңда Астанада 25 мыңнан астам жүкті әйел есепте тұр екен, ал өткен жылы босанғандар саны 31,7 мыңға жеткен. Бұл сан демографияға үлес қосқаны қуантады, дегенмен бірқатар проблемалардың барын да жоққа шығармаймыз дейді Елорданың штаттан тыс Бас гинекологы - Зайтуна Гадиловна Хамидуллина. Мысалы, қаламызда жасөспірімдер жүктілігінің өсуі, түсік түсіру саны, балалар гинекологтарының жетіспеушілігі бұл мәселені шешуге кедергі екені сөз етілді. Зайтуна Гадиловна ерте жүктіліктің салдары жөнінде түсіндіру жұмыстары үшін бірңғай алаң құруды және мемлекеттік және жеке меншік емханалар жанындағы жастар орталықтарында жасөспірімдер кабинеттерін ашуды ұсынды.

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЖАНҰЯ (@zhanuya__astana)

Өтініш беру

Наши партнеры