Ағымдағы жылдың 17 наурызында Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері азаматтармен қоғамдық қабылдау өткізді.
Азаматтарды қабылдау кезінде заң консультациялары бойынша ұсынымдар, тұрғын үй және тұрмыстық мәселелер, жұмысқа орналастыру және әлеуметтік сипаттағы басқа да мәселелер қаралды.
Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия өкілдерінің азаматтарды қабылдауы орталықта алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі
Орталықтың бірыңғай байланыс нөмірі: 8(7172) 27-23-23, 8708-425-18-66