Армысыз, Қазақ Елі! Төрімізге көктем келіп, жер жаңарып, көңілімізде жылулық орнап, Әз-Наурыз мерекесін де құшақ жая қарсы алдық. Ұжым болып біз де бұл күнге қуандық. Биыл жаңадан тағайындалған басшымыз: «Біз үнемі орталықта қызметалушыларымызға арнап іс-шара өткіземіз, биыл Наурыз мерекесін ұжыммен бірге қарсы алайық!-деген ұсыныс тастады. Әрине, қыстан шаршаған біздер, Бахтияр Оралұлының бұл бастамасын қуанышпен қабыл алдық. Сонымен, Орталық гүл-жайнап шыға келді. Әрқайсымызға білгілі бір міндет жүктелді, біреуіміз салт-дәстүрімізді насихаттайтын қойылымды дайындауға кіріссек, ер-азаматтар үлкен төрімізді безендіруге көшті, әйелдер қауымы дастарханымыздың сәнін келтіретін ұлттық тағамдардың тізімін жаза бастады. Осылай бірлік пен ынтымақтың арқасында «Қош келдің, Әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шараны да атқардық. Бүгін біз «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы болғандықтан, жаңа отбасының қалануына арналған салт-дәстүрлерді көрсеттік. Алдымен, қазақтың салтымен құда болдық, «құйрық-бауыр» ұсынып, беташар, бесікке бөлеу салтына арналған қойылымды ұсындық. Қолдап келген қонақтарымызға алғыс айтамыз. Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының режиссер көмекшісі, әнші, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» - Алия Даутова ханым іс-шарамыздың мәнін өнерімен келтіріп, ерекше көңіл-күй сыйлады. Күн мен түн теңесіп, Самарқанның көк тасы жібіген қасиетті күні орталық ұжымы тілек, шын ниеттерін айтып, Жаңа жылмен құттықтады. Алғашқы болып жүрекке жылулық ұялатар құттықтаулар да айтылып, еңбек еленіп алғыс хаттар тарту етілді. Бізді Астана қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау» басқарма басшысының орынбасары Ерлан Нұрланұлы Джусупов құттықтап келді. Ұжымның қуанышына ортақтасқан басшылыққа да ризашылығымызды білдіреміз. «Ұлыстың ұлы күні» қазақ даласы үшін құт - берекенің басы. Наурыз - қамқорлықтың, мейірімнің айы. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЖАНҰЯ (@zhanuya__astana)

Өтініш беру

Наши партнеры