ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Олжас Темірбекұлы Ордабаев Астананың бірқатар әлеуметтік нысандарында болып, қала тұрғындарымен және әлеуметтік-еңбек саласының қызметкерлерімен кездесулер өткізді. Ол әлеуметтік қолдауды жақсартуға және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар турасында «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында ұйымдастырылған жиында айтып өтті. Іс-шара барысында вице-министр әлеуметтік-еңбек саласы, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту және әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру мәселесі бойынша сұрақтарды талқыға салып, әлеуметтік Кодексте әлеуметтік тәуекелдердің алдын алуға бағытталған атаулы әлеуметтік қолдауды күшейту көзделгені турасында сөз қозғалды. Бұған Қазақстанда енгізілген отбасының цифрлық картасы ықпал ететін болады.