«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, бүгін біздің орталығымызға әлеуметтік маңызы зор іс-шараларды қолдауға дайын тұратын, мұқтажға демеу болып, қол ұшын созатын ізгі жандардың бірі Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі - Сания Қамбарқызы Ирсалиева ат басын тіреді. Сания Қамбарқызы қолдау көрсету үшін әлеуметтік сүйемелдеудегі отбасының қуанышына шашуын ала келді. Күйбең тіршілікте қиналған жанға жанашыр тұлғалардың демеу болып, мейірім шуағын шашып, көмек қолын созуы мына жарық дүниені нұрға бөлейді. Осы келіп жеткен айлардың сұлтаны - Рамазан айында осындай сауапты іс жасап, бір отбасының алғысын алған мейірімі шексіз демеушімізге ризамыз. Айта кететін жайт, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының маңызды іс-шараларын ғана емес, қиындыққа түскен жандарға демеушілік көрсетіп келе жатқан қаламыз бойынша «ҚІӘҚ» (АДЖК) алғысымызды айтамыз.
Адамның жасаған игі істерінің бәрі оның ақыл-ойы мен жүрек жылуының көрінісі. Жаныңызда жүрген жандардың қуанышын бөлісіп, қиындығына ортақтаса алғаныңыз қазақ халқына тән ұлттық қасиетіңіз бен көрегендігіңіздің жемісі деп білеміз. «Жаңбырменен жер көгерер, алғыспенен ел көгерер» демекші, дүниеде ел алғысына бөленуден артық сый жоқ! Қамқорлыққа зәру жандардың қамқоршысы болып, жылы сөз, жүрек жылуын ұсынып, ізгілік нұрын шашып, сый-сияпат көрсетіп жүрген жанашыр-жомарт жандардың көп болуын тілейміз!
@saniyairsaliyeva
@aitpayev_b
@nurkenova_karligash
https://www.instagram.com/reel/CqVfapXIttr/?utm_source=ig_web_copy_link