?Өткен жылы желтоқсан айында Еңбек министрлігі кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі Қағидаларына жастарға микрокредит беру жөнінде өзгерістер енгізді.
✅Микрокредит 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерге арналған.
❗️Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс.
?Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейін жылдық 2,5% номиналды сыйақы мөлшерлемесі бойынша 5 жылға дейін кредит ала алады.
Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған.
❕Аталған микрокредит кепіл мүлікпен қамтылуы міндетті.
Кепіл ретінде жылжымалы (арнайы техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепіл мүлік болмаған жағдайда Кепіл берушіні тартуға құқығы бар. (ата-аналарын, туыстарын және т.б.)
❇️Жастарға микрокредит беру туралы шешімді конкурстық комиссия қабылдайды.
Комиссияның құрамына:
– жергілікті органдар,
– «Атамекен» палатасы;
– қоғамдық бірлестіктердің өкілі;
– бизнес саласының, білім беру мекемелерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.
⁉️Өтініштерді қабылдау 6 наурызда басталды.
? Өтініш беру үшін «Аграрлық несие корпорациясына» жүгіну қажет. Мекен-жайы Астана қаласы, Тұран көшесі, 19/1 («Эдем» БО) (анықтама телефоны: 8-701-006-16-38).
Қажетті құжаттар:
– жеке куәлігі;
– бизнес-жоспар;
– банктен шоттың бар екенін растайтын анықтама;
– кепіл мүлікті бағалау туралы есеп;
– кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар, т.б
– қаржы ұйымдарынан (несие болған кезде) несие берешегінің, оның ішінде мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтамалар;
– қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме)..