Ағымдағы жылдың 6-шы сәуірінде «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының психологтары Гаухар Аскерова мен Жадыра Хусаинова ұжымды біріктіруге және топтық өзара іс-қимыл қалыптастыруға бағытталған қызметкерлерге арналған кезекті тренинг өткізді.
Оның мақсаты - ұжым ішінде қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру, әр маманның ұжымдағы өз рөлін түсінуі және командада жұмыс істей білуін дамыту.
Тренингке зейінді шоғырландыруға және энергия деңгейін арттыруға арналған бірқатар психологиялық ойындар, ұжымды біріктіруге арналған қызықты жаттығулар, командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру және командалық рухты арттыру кірген болатын.
Қатысушылар эмоционалды және физикалық күйзелістерін көтеріп, қойылған міндеттерді бірлесіп шешті, бір-біріне сенді, ынтымақтастық жасады, ұжымдық шешімдер қабылдады, белгісіздік жағдайында бірлесіп әрекет етті, көпшіл және ашық болуға дағдыланды.
https://www.instagram.com/p/CquaIR7orR3/