Пробация есебінде тұрған тұлғалардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлескен шаралар — Центр поддержки института семьи «Жанұя» акимата города Астаны

Центр поддержки института семьи «Жанұя» акимата города Астаны

Пробация есебінде тұрған тұлғалардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлескен шаралар

Пробация есебінде тұрған тұлғалардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлескен шаралар

«Заң мен Тәртіп» нарративін іске асыру шеңберінде және пробация есебінде тұрған тұлғалардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Астана қаласының прокуратурасы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, қоғамдық денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармаларының, қалалық психикалық денсаулық орталығының, еңбек мобильдігі орталығының, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өңірлік филиалының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалының және аудан прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық кеңес өткізді.
Кездесу барысында пробация есебінде тұрған тұлғалар арасындағы қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу, медициналық және әлеуметтік көмек көрсету, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, жаңа дағдыларға қайта оқыту, сондай-ақ қайта қаржыландыру, сотқа дейінгі және сот арқылы банкроттық мәселелері талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша қала прокуратурасы пробация есебіндегі тұлғалардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.