Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Ашық есік күні» өтті — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Ашық есік күні» өтті

Ағымдағы жылдың 23 маусымында «Паралимпиадалық жаттықтыру орталығының» базасында, алғашқы рет мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Ашық есік күні» өтті.

Аталған шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының мамандары іс-сапарға жіберілді.

Ашық есік күнінің мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласының ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған қызметтер мен қолданыстағы бағдарламалар,жобалар туралы хабардар ету.

Орталық мамандары азаматарға, Әлеуметтік қызметтер порталында жұмыс істеу, санаторлы-курорттық емделу сынды әлеуметтік маңызы бар сұрақтар бойынша кеңес берді.

{gallery}2021news/23.06.21{/gallery}