ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Психологиялық көмек көрсету

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы» КММ-нің психологиялық көмек көрсету бөлімі қиын өмірлік жағдайға тап болған халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін психологиялық көмек көрсетеді.

Орталық ашылған күннен бастап (2019 жылғы тамыздан 2025 жылғы қаңтарға дейін) мамандардың көмегіне 2 247 адам жүгінді.

Бөлім келесі қызмет түрлерін көрсетеді:

  • Психологиялық консультация,
  • Психологиялық диагностика,
  • Психологиялық түзету жұмысы,
  • Психологиялық профилактика,

Өзекті психологиялық мәселелерді шешуге және өмірлік қиындықтарды еңсеруге бағытталған әлеуметтік-психологиялық тренингтер.

Психологиялық көмекке жүгінген азаматтар арасында жиі кездесетін мәселелер:

  1. Күрделі өмірлік жағдайларды еңсеру (некені бұзу, жақын адамынан айырылу, жұмыссыздық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, отбасылық жанжал және т.б.);
  2. Жалғыздық, отбасының болмауы, перзентсіздік;
  3. Тұлғалық мәселелер (төмен өзін-өзі бағалау, қорқыныштар, сенімсіздік, өзін-өзі реттеу дағдыларының жеткіліксіздігі, күйзеліс жағдайын бастан кешіру және т.б.) 

«Төмендегі сауалнаманы толтыруыңызды өтінеміз — бұл сіздің жағдайыңызды жақсырақ түсінуге және консультацияның ең қолайлы форматын ұсынуға көмектеседі. Барлық берілген ақпарат қатаң құпия сақталады».

Имя и фамилия