ЗАҢ КӨМЕГІ
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
ЗАҢ КӨМЕГІ
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя отбасы институтын қолдау орталығы «КММ заң көмегін көрсету бөлімі өмірлік қиын жағдайға тап болған халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін заңгерлік қызмет көрсетеді.
Орталық ашылған сәттен бастап (2019 жылдың тамызынан 2025 жылдың қаңтарына дейін) 6 217 адам заң көмегіне жүгінді.
Бөлім келесі қызметтерді көрсетеді:
Құқықтық мәселелер бойынша консультациялар,
Талап арыздарды дайындау және беру,
Соттарда азаматтардың мүдделерін білдіру,
Құрылтай құжаттарындағы өзгерістерді ресімдеу және тіркеу,
Шарттық дауларды реттеуге көмектесу.
Азаматтар заң көмегіне жүгінетін ең көп кездесетін мәселелер:
Ажырасу, мүлікті бөлу, алимент даулары жағдайында құқықтарды қорғау;
Еңбек заңнамасы мәселелері бойынша консультациялар (жұмыстан босату, еңбек даулары) ;
Тұрғын үй заңнамасы мәселелеріне көмек (жалға алу, көшіру);
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
Әлеуметтік жәрдемақылар мен жеңілдіктер алу үшін құжаттарды ресімдеу;
Мұра және өсиеттерді ресімдеу мәселелері бойынша консультациялар;
Әкімшілік құқық бұзушылықтарға байланысты мәселелерде қолдау көрсету.
Заңгерлер бөлімі барлық мұқтаждар үшін құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша белсенді жұмыс істейді.
— Бөлімнің жылдық жұмыс жоспарын әзірлейді және орындалуын бақылайды.
— Өз құзыреті шегінде азаматтардың шағымдары мен өтініштерін белгіленген тәртіппен қарайды.
— Өз бөлімінің жұмысына қатысты орталық атқарушы органдардан, әкімдіктен және басқа да мемлекеттік органдардан келген хаттарға уақытылы жауап беруді жүзеге асырады.
— Бөлімнің құзыретіндегі мәселелерде жоғары тұрған ұйымдармен және құрылымдық бөлімшелермен хат алмасуды жүзеге асырады.
— Мемлекеттік органдармен сотта Орталықтың мүдделерін білдіреді. — Талап ету жұмыстарын жүргізеді, оның ішінде: шарттық дауларды шешу тәртібін сақтау бойынша шаралар қолданады; талап-арыздар мен материалдарды дайындайды; сотқа шағым білдіреді.

Құрметті пайдаланушы!
Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметі азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша тәулік бойы:
— бірыңғай нөмірі 119 (Қазақстанның кез келген жерінен стационарлық телефондардан қоңырау шалу тегін);
— 87172580058 нөміріне ұялы телефон (байланыс операторлары тарифтері бойынша);
— 119Kenesbot telegram bot;
— ҚР НҚА «Әділет» ДБ «Виртуальды консультант» виджеті;
— ҚР НҚА «Әділет» ДБ өтініштерді қабылдау модулі құралдары арқылы тегін кеңес береді.